Павлодар облысында рульге ие бола алмаған жүргізуші қаза тапты
Павлодар облысында рульге ие бола алмаған жүргізуші қаза тапты
Фото: polisia.kz
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Polisia.kz-тің дерегінше, апат кеше сағат 18.00-де Қалқаман ауылы маңында болған. Қалқаман – Баянауыл-Керней автожолында Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай, көлікпен жолдың шетіне аударылып кеткен. «Жол апатынан жарақат алған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деді полицейлер. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.