Әкімдік Қордайдағы қақтығыс кезінде зардап шеккендердің санын айтты

Әкімдік Қордайдағы қақтығыс кезінде зардап шеккендердің санын айтты

Қазақстанның оңтүстігінде жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер саны 185 адамды құрады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қақтығыс салдарынан 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінгенін айтқан болатын. "Облыстық штабтың мәліметінше, 185 азамат зардап шекті,оның 34-і ауруханаға жатқызылды. 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан мен 47 автокөлік өртеніп кетті", - деп хабарлайды әкімдік. Ауданда жағдай тұрақты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.