Жекпе-жектен Конституция күніне арналған республикалық турнир өтті

Жекпе-жектен Конституция күніне арналған республикалық турнир өтті

ASPAN спорт кешенінде Қазақстан  Конституциясы күніне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына арналған жекпе-жектен республикалық турнир өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан құқық қорғау органдары, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің денешынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру. Турнирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы мониторинг агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қатысты. Спортшыларды қолдауға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит келді. Барлығы алты түрлі салмақ дәрежесі арасында 6 медаль жиынтығы ойнатылды. Турнир жеңімпаздары: 67 келіге дейінгі салмақ санаты 3-орын – Қанат Абдулла (ҰҚК) 2-орын – Ертарғын Мәліков (МКҚ) 1-орын  – Аманбек Жаманқараев (ІІМ) 73 келіге дейінгі салмақ санаты 3-орын – Абылай Табанов (ҰҚК) 2-орын – Әлішер Қайырбеков (ІІМ) 1-орын – Данияр Қойшыбек (МКҚ) 80 келіге дейінгі салмақ санаты 3-орын – Арман Әбетанов (ҚМА) 2-орын – Нұрдәулет Байбосынов (МКҚ) 1-орын – Айдын Төленбаев (ІІМ) 88 келіге дейінгі салмақ санаты 3-орын – Мәди Хабиев (МКҚ) 2-орын – Ілияс Мұхамадиев (ҰҚК) 1-орын – Рахметолла Сатыбалдиев (ІІМ) 97 келіге дейінгі салмақ санаты 3-орын – Дәурен Ибрагимов (ҰҚК) 2-орын – Қанағат Мағмұр (ІІМ) 1-орын – Ердәулет Жеңіс (МКҚ) 97 келіден жоғары салмақ санаты 3-орын – Мұхтархан Мұқат (ҚМА) 2-орын – Мейрамбек Алматов (ІІМ) 1-орын – Райхан Мәди (ҰҚК) Жеңімпаздарды құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары марапаттады. Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасында орындар былайша бөлінді: 3-орын – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасы; 2-орын – Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасы; 1-орын – Ішкі істер министрлігінің құрамасы. Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов турнирге қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы Конституция күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.