Абылайхан Құсайынов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Абылайхан Құсайынов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Абылайхан Құсайынов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды. Ол Мексиканың Тихуана қаласында шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы - жергілікті боксшы Мауро Лорето (32 - 10) болды. https://www.youtube.com/watch?v=e7-K4_FEpmU&feature=emb_logo Құсайынов мексикалық боксшыны бесінші раундта жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі (8 КО). Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Құсайынов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниямен келісімшартты үзді. Ендігіде ол АҚШ-та жаттығады.