Тоқаев Әділғазы Бергеневті қызметінен босатты

Тоқаев Әділғазы Бергеневті қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әділғазы Бергенев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды» делінген ресми хабарламада.