Дебютін жеңіспен бастады

Дебютін жеңіспен бастады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов Nomad Fighting Championship лигасын­дағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Sport.kz сайтының хабарлауынша, Арман Әшімовтің жаңа лигадағы алғашқы қарсыласы «Гладиатор» лақап атымен танылған қырғыз файтері Әзім Осмонқұлов болды. Айта кетейік, NOMAD FC промоушнында жекпе-жек екі минуттан тұратын үш раундқа жоспарланған. Кездесу бокс ережесі бойынша өтіп, соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Арман Әшімов жаңа лигадағы дебютін жеңіспен бастады. Айта кетейік, Арман ММА-дағы соңғы кездесуін 2021 жылдың қазан айында өткізген болатын. Сол кезде отандасымыз әзербайжандық Серхан Валилиді бірінші раундта нокаутпен ұтты.