Су бөгеттері әкімдіктің еншісінде емес. Неге?
Су бөгеттері әкімдіктің еншісінде емес. Неге?
406
оқылды
Қарағанды облысында су тас­қыны қатерін жою мақса­тын­­­да кешенді Жол картасы жа­салып, оған бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген еді. Алай­­да бүгінгі таңда су басу қа­у­пін ту­дырып отырған бө­гет­­­тер мем­лекет қарауына то­лық өткен жоқ. 2015 жылы Қарағанды облысын­да 35 ауылды су басты, ондағы 1760 үй су астында қалды. 340 бас мал қы­рылды. 4000-нан ас­там адам эвакуацияланды. Зардап шек­кен­дерге келтірілген шығынды өтеу үшін бюджеттен 719 миллион теңге бөлінді. Ал 2017 жылы су тасқынынан Қарағанды облысына шамамен 160 миллион теңге шығын келді. Су тасқынынан Бұқар жырау ауданы көп зардап шекті. Мұнда 123 үй күр­делі жөндеуден өтті. Нұра, Шет, Қар­қаралы және Абай аудандарында 17 тұрғын үй құрылысы мен 274 аула қал­пына келтірілді. Шығынды өтеуге облыстық бюджеттен тиісінше 148 млн теңге және 12 млн теңге бөлінді. Жол картасында су шаруа­шы­лығы нысандары бойынша барлығы 6,8 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде 2,6 млрд теңге респуб­ли­ка­лық бюджеттен, 4,2 млрд теңге жер­гі­лікті бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар Жол картасы бойынша тоғыз көпір және 56 су өткізу құбыры мил­лиард теңгеден астам сомаға жөнделді. Жол картасы аясында республикалық маңызы бар жол­дар­ды жөндеу-қалпына келтіру жұ­мыс­тарына 640 млн теңге бөлінді. Осынша қаражат қарастырыл­ға­ны­на қарамастан, биыл да Қара­ған­ды облысы су тасқыны қаупінің алдында тұр. – Бүгінде бізде 190 км әртүрлі қор­ғаныс құрылысы, оның ішін­де бөгеттер бар. Қазір біз су қой­ма­сынан су ағызуды алдын ала бас­таймыз, қарды тазалауды бел­сенді жүргіземіз. Құрылыстың басым бөлігі ат­қарушы билік орган­дары­ның балансында. Осы жылы жазға дейін бұл жұмысты аяқтауға тырысамыз. Бірақ алдын ала тексеру құрылыстың қажетті техникалық жағдайда екенін көрсетті. Бөгеттерді ұстау және қызмет көрсету үшін бюджеттен қаражат берілген, ал балансқа берілмеген бөгеттерге демеушілік қолдау қарастырылады. Жал­пы, су тасқынына дайындық жұ­мыстары тәулік бойы жүруде, – деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек. Дәлірек гидроболжам жасау үшін мамандар өзен бассейндерін тұ­рақ­ты бақылайды. Облыста 1 қаң­тардан бастап 8 гидробекет ашыл­­ды. Барлық гидроқұрылыстар тек­се­рілді. «Су тасқынының алдын алу бойынша Жол картасын» іске асыру аясында Нұра және Шерубай–Нұра өзендеріне санация жүргізіледі. Облыстық бюджеттен Топар бөгетін күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. – Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы бар: Кеңгір, Шерубай–Нұра және Самарқанд. Қазіргі уа­қыт­та Самарқанд су қоймасынан су­ды ағызу есебінен Нұра өзенінің ар­насын шаю жұ­мыстары жүруде. Мұз астындағы су ар­наны толтыра­ды. Бұл бітеліп қалу не­месе басқа да кедергілердің алдын алуға мүм­­­кіндік береді. 20 ақпан күні Шеру­­бай – Нұра су қоймасынан су ағы­зу­­­ды бастау жоспарланып отыр, – деді Нұра – Сарысу бассейндік инс­­пек­­циясының басшысы Мүслім Аққожин. Қарағанды облысында су тас­­қыны кезінде елді мекендер үшін қауіп төндіруі мүмкін гидро­тех­ни­калық құрылыстар анықталды. Олардың саны шамамен 50 нысан.  Мамандар су ағызуды тереңдетіп кеңейтті, өзен арналарынан қоқыс шы­ғарды. Сондай-ақ бөгет жота­ла­рына жартасты топырақ төгіліп, тегістелді, су өлшегіш сызғыштар орнатылды. Сонымен қатар Саран және Федо­ров су қоймаларында реттегіш шлюз­дері жөнделді. Биылғы жылы То­пар және Тихоновка апаттық гидротехникалық құры­лыс­та­ры­на күрделі жөндеу жұмысы басталады. Сондай-ақ оларды паспорттау және декларациялау жүретін болады. Өт­кен жылы Соқыр өзенін сана­ция­лау аяқ­талды. 2020 жылы Шерубай–Нұра және Топар өзен­де­рін санациялау жоспарланып отыр. Бұқар жырау ауданының Чкалов ауылы су басу қау­пі жоғары аймақтар қатарына кіреді. Бұл елді ме­кен об­лыс және ТЖД басшылығының ерек­ше бақы­лауында. – Апта сайын жағдайды бақы­лай­мын. Біз ме­тео­рологтармен, ТЖ де­партаментімен тығыз жұ­­­мыс істей­міз. Су тасқынына дайындық үшін барлық қажетті техника бар, – де­ді об­­лыс әкімі Жеңіс Қасымбек. ТЖД бастығы Ибрагим Күл­шім­баевтың айтуынша, биыл­ғы жылдың қаңтар айында қар норма­дан үш есе көп түскен. Осы­ған бай­ланысты Нұра өзені бассей­нін­дегі ылғал қоры 157%-ға дейін өскен. Самарқанд су қоймасында су төгу жұмыстары басталды. Ақпан айының соңына дейін тағы 14 млн текше метр су ағы­зылады. Бұл рет­те су қой­масындағы ылғалдың ең тө­мен­гі деңгейі 154 млн текше метр­­­ден төмен болмауы тиіс. Осы жерден суды Те­мір­таудағы ЖЭО тур­­би­на­­ла­рын суыту үшін пай­да­ла­­нады. Қазір «Қаз­гидромет» ма­ман­­дары су тасқыны ке­зе­ңіне нақты бол­жам жасау үшін зерт­теу, өлшеу жұ­мыс­тарын жүр­гі­зу­де.   Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы