Бұл санақ – тағы сынақ
Бұл санақ – тағы сынақ
324
оқылды
Биыл халық санағы өтеді. Қазіргі уақытта бұл шараға дайындық басталып кетті. Бюджеттен де қаражат бөлінді. Дегенмен бұл санақ 2019 жылы өту керек болатын. Бірақ ол кейінге шегерілді. 2020 жылдың 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізіледі деген іс ақыры 2020 жылдың қазан айында өткізілетін болып шешілді. «Бұл санақ бұрынғыдан өзгеше болады», – дейді Статистика комитеті. Неге? Өйткені 2009 жылы өткен санақта бірқатар заңбұзушылық болып, оның арты қудалауға ұласқан болатын.  

Қанша қаржы бөлінді

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері екі рет санақ өткен, бұл – үшінші. Бұл жолы 2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қа­зақстанның Ұлттық халық сана­ғына дайындық және өткізу үшін Статистика комитетіне 8 млрд 211 млн теңге сомасында қаржы қа­растырылған. Ол адам басына шаққанда 1,2 АҚШ дол­ла­рын құрайтын болады деп жоспар­лаған комитеттегілер. – Бюджеттің негізгі бөлігі 3 млрд 7 млн теңге сауалнама жүр­гізушілер еңбегіне төленеді. Он­лайн ресурс пен ақпараттық жү­йеге де қаржы кетті. Одан кейін әр­бір об­лыс орталықтарында са­нақ жүр­гізу бөлімдерін аштық. Со­дан кейін аудан, ауылдарда са­нақ жүргізу үшін көлік жал­дай­тын боламыз. Сондай-ақ шамамен 1 млрд теңгеге планшет, сумка, мо­йынтақ сатып алдық. Бұл тура­лы мәліметтер сайт­та ашық көр­сетілген, – дейді Ұлттық эконо­мика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.  

Мұғалімдер тегін тартылмайды

Айта кету керек, Ұлттық халық санағын жүргізуге 32,5 мың адам тартылмақ. Статистика комитеті төрағасының айтуынша, бұл санаққа бұрынғыдай мұғалімдер тегін жұмысқа тартылмайды. Ақылы түрде, өз еркімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі екен. «Жалпы, санақ жүргізуге тар­тылатын азаматтарға қойылатын талаптар: 18 жастан асқан Қазақ­станның азаматы, бастамашыл, жа­уапты, тез тіл табысқыш болуы керек. Жұмыс өтілі мен кәсіби бі­лі­міне талаптар қойылмайды, тек план­шетпен жұмыс істей білуі ке­рек» деген болатын Нұрболат Ай­дап­келов Орталық коммуни­ка­ция­лар қызметінде өткен брифингте. Сонымен бірге тұрғын үйлерге барған кезде сауалнама жүргізу­шілерде халық санағының лого­типі бар куәлік, сумка, мойынтақ болады. Сол арқылы әр адам са­нақшыны бірден таниды.  

Екі кезеңнен тұрады

Халықтың құлағына алтын сыр­ға. Айтпағымыз, санақ шартты түрде екі кезеңнен тұрады. Яғни, дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Бұл кезеңде санақ жүргізушілер үйлерді ара­лап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды. Дайын­дық жұмыстарынан кейін 1-30 қазан аралығында халық санағы­ның негізгі кезеңі өтеді. Санақ ақ­паратты жинаудың екі әдісін пайдалана отырып жүргізіледі: халық санағының алғашқы 15 кү­нінде Ұлттық экономика коми­те­тінің интернет-ресурсында ин­тер­нет-сауалнама жүргізіледі. Ин­тернет-сауалнамада респон­денттер санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Интернет-сауалнамамен қатар санақшылар да сауалнама жүргізеді. Бұрынғыдай емес, бұл жолы қағазбен жұмыс істеу болмайды. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Сауалнама жүргізу­ші­лерді үйіне кіргізуді қаламайтын адам sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп, санақ парақтарын өз беті­мен толтыра да алады. Халыққа сауал­нама жүргізу барысында респон­дентті сәйкестендіру үшін сұрала­тын адамның ЖСН-і пай­да­ланы­лады. Сауалнама аяқтал­ғанда ха­лық санағынан өткені туралы анық­тама беріледі. Болды, сіз тіркеудесіз.  

Өткен санақ – келешекке сабақ

Бұған дейін тәуелсіз Қазақ­станда жалпыұлттық халық сана­ғы 1999 жылы, кейін 2009 жылы өтті. Кейінгі санақта Қазақстан тұрғын­дарының саны – 16 мил­лион 4 мың 800 адам болды деп көрсетті. Алайда көп ұзамай, сол уақыттағы статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16 миллион 196 мың 800 адамды құрағанын айтты. Соңғы өткен санақ өзінің аты­шулы қаржылық істерімен есте қал­ды. Агенттік мамандары ха­лық­тың санын қайта-қайта санап жатқан тұста, қаржы полициясы санаққа жұмсалған қаржыны санауға кірісті. Ресми мәліметке сүйенсек, 2009 жылғы халық сана­ғына республикалық бюджеттен 1 миллиард 144 миллион теңге бөлінген. Соның тек 379 миллион теңгесі ғана (2,5 миллион доллар шамасында) белгіленген мақсатқа жұмсалған. Қаржы полициясы осы соманың 764,8 миллионы (5,1 миллион доллар) талан-таражға түсті деді. Кейін кәсіпкер Серік Тұр­жанов 9 жылға, статистика агент­тiгi басшысының бұрынғы орын­басарлары – Нұрман Баянов 6 жылға, ал Бiрлiк Меңдiбаев 5 жылға бас бостандығынан айы­рылды. Ал шетел асқан Статис­тика комитетінің басшысы болған Анар Мешімбаеваға халықаралық іздеу жарияланды. Айта кету ке­рек, кейін 700 миллион теңге жым­қыр­ды деген айып тағылған Анар Ме­шімбаева Ресейден Қазақстанға жеткізіліп, 7 жылға сотталды. Сон­дай-ақ дүние-мүлкі тәркіленді. Ол 4 жылдан кейін амнистиямен бостандыққа шықты. Осы былық кесірін тигі­зіп, санақ қорытын­дысы кеш шық­ты. Сол санақтың қорытын­дысы бойынша, қазақ­тардың үлесі 63,9 пайызға жеткені белгілі болды. Алғашқы бетте қазақтар­дың үлесі 67 пайыз деген бейресми мәлімет тараған бола­тын. Сол уақытта Әлихан Смайы­лов ондай қате деректердің тара­уына агенттіктің бұрынғы бас­шылығын кінәлады.  

Болжам

Демограф, саясаттанушы Әзім­бай Ғалидың айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі қазақ саны 70 пайызға жеткен. Ол дегеніміз 18,6 миллион халықтың 13 мил­лионы өз ұлтымыз деген сөз. Яғни, қазақтар жыл сайын 255-262 мыңға өсіп отыр. Дегенмен қазақ санын көбейту үшін шетелдегі қазақтарды елге тартуды қайта қолға алу керек екені де айтылуда. Кейбір дерек­терге сүйенсек, Қазақстаннан тыс жерде 6 321 564 қазақ тұрып жатыр екен. Бір атап өтер жайт, бұл де­ректерді 2014 жылы Түркия ғал­ым­дары ұсынған-ды. Демек, бүгінгі күні жер жүзіндегі қазақтардың санын 20 миллионға жетіп қалды деуге негіз бар. Иә, биылғы санақ басқалардан өзгерек бола ма, жоқ па,  оны уақыт көрсетеді. Тек қана сенімге селкеу түсірген 2009 жылғы са­нақтағыдай былыққа орын беріл­месе болғаны.    width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ