Қарақат Әбден Астанада шеберлермен жүздесті

Қарақат Әбден Астанада шеберлермен жүздесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден елордада ұлттық киім тігетін және қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлермен жүздесті. Жүздесу аясында өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, шеберлер қойған сауалдарға жауап берді. -Қуантарлығы, қазір түрлі салада дизайнмен айналысатын өз шеберлеріміз ұлттық нақышқа, ою-өрнекке ерекше ден қойып келеді, - дейді Қарақат Әбден. Сұрақ-жауап ретінде жақсы отырыста шеберлер өзекті мәселелерді қозғап, шешімін таба алды. -Ұлттық киім, ұлттық қолөнер – ол қазақтың бетпердесі. Қазақтың ұлттық киімдері, әшекейлері, бұйымдары барлығы маған өте жақын тақырып. Себебі біз сол бағытта жұмыс істейміз. Өзіміздің ойымызбен бөлістік. Проблемаларды көтердік, - деді Тоқыма мектебінің өкілі Ләйлім Лаврқызы.