Мейрам Қажыкен Қостанайдың ауыл шаруашылығымен танысты

Мейрам Қажыкен Қостанайдың ауыл шаруашылығымен танысты

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында барды. Заречное атты ауылшаруашылық тәжірибе станциясы Қостанайдағы ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтына қарайды. Мейрам Қажыкен станция жұмысшыларымен  кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ үміткер Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, тарихи жәдігерлермен танысты. Дәл осындай жиын Ахмет Байтұрсынов атындағы облыстық университетте де өтті. Осыған орай, Мейрам Қажыкен кеше Қостанайдағы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.