Мейрам Қажыкен Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшыларымен жүздесті

Мейрам Қажыкен Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшыларымен жүздесті

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат шаралары аясында бірқатар өңірлерді аралап, кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті. Соның бірі – Жезқазған мыс қорыту зауыты. Мейрам Қажыкен жарты ғасырлық тарихы бар кәсіпорын – Жезқазған мыс қорыту зауытында болды. Металлургтерді қауіпті өндірістерде жұмыс істегендіктен зейнеткерлікке ерте шығуын және «ыстық лептің»  түсінігін қайта жандандыру керегін түсіндірді. Бүгінгі таңда Республика бойынша 14 облыста М.Қажыкеннің сайлауалды штабы ашылған. Басқа өңірлерде кандидаттың сенімді өкілдері жұмыс істейді.