«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апаттың себебі белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апаттың себебі белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін айтты. «Бүгін түнде сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетті. Апат кезінде шахтада жерастында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. 5 адам қайтыс болды, төрт адам ауруханада жатыр. Қазір авариялық-құтқару жұмысы жүргізілуде. Біз қаза тапқандардың отбасына, кеншілеріміздің әріптестеріне көңіл айтамыз. Қаза тапқан, зардап шеккен шахтерлердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов. Апаттың себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.