Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты
Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты
Фото: ru.sputnik.kz
508
оқылды
Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев  Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін  анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым», – деп жазылған жеделхатта.