Зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты

Зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты

Еліміздің президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбеге барды. Алғашында Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесті. Онда Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүдделерімен таныстырды. Тиісінше, ұсынылған барлық реформалар республиканың әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталғанын жеткізді. Кездесу барысында әйелдердің зейнет жасының төмендеуі, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы, жалақының ашық және айқын есебі жайлы тақырыптар қозғалды. Кандидат сөз барысында әйелдердің Германияны мысал етіп, ол жақтағы ең төменгі жалақыны мемлекет емес, жұмыс берушілер қауымдастығы мен кәсіподақтар анықтайтынын айтты. – Германияда екі негізгі құжат бар – тарифтік келісім және жеке еңбек шарты. Бірінші құжатта еңбек жағдайлары мен ең төменгі табыс мөлшері көрсетілген. Бұл келісім мемлекеттік органдарға бекітуге жіберіледі. Елдегі экономикалық жағдайға байланысты екі құжат, жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жағына қарай қайта қаралады. Яғни, бұл – әлеуметтік әріптестіктің жақсы үлгісі, онда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өздері келісіп, мемлекетпен тең дәрежеде маңызды экономикалық шешімдер қабылдайды, – деді кандидат.