Алматыда базардағы алапат өртті бір сағатта сөндірді

Алматыда базардағы алапат өртті бір сағатта сөндірді

Бүгін Алматыда базар өртенді. Өртті бір сағатта сөндірді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға орнында жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техника жұмылдырылды. Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылды.   Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды. «Алапат өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», – деді ТЖД өкілі.   Бұған дейін Алматыда базар өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.