Алматыда «барахолка» базары өртеніп жатыр – видео
Алматыда «барахолка» базары өртеніп жатыр – видео
Фото: tengrinews.kz
400
оқылды
Алматыдағы «барахолка» базары өртеніп жатыр. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына шақырту алған.
«Көлік кептелісіне қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған», – деп хабарлады департамент.
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, өртті сөндіру үшін су үздіксіз жеткізіліп жатыр.