Мұрат Жұрынов: Сайлау елдің болашақтағы даму бағытын айқындау үшін керек

Мұрат Жұрынов: Сайлау елдің болашақтағы даму бағытын айқындау үшін керек

Ұлттық ғылым академиясының президенті, белгілі ғалым Мұрат Жұрынов өзі тіркелген учаскеге барып, дауыс берді. Академик халықтың сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысып жатқанын айтады. Оның пікірінше сайлау елдің болашақтағы даму бағытын айқындау үшін керек. – Қазақстан халқы сайлауға жақсы, үлкен жауапкершілікпен қатысып жатыр. Оның себебі біздің халқымыз білімді, Қазақстан халқының ішінде сауатсыздар жоқ. Бұл – үлкен көрсеткіш. Біз Азия халықтарының ішінде ең алдыңғы шепте тұрмыз. Мәдениетіміз де мол. Сондықтан елдің тағдырына байланысты президент сайлауы, келешекке көз жүгірту – осындай өркениетті мемлекеттердің халықтарына тән, – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.