Қордайдағы қақтығыс: ақсақалды ұрып-соққан күдікті ұсталды

Қордайдағы қақтығыс: ақсақалды ұрып-соққан күдікті ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ақсақалды ұрып-соққандар ұсталғанын, екі-үш аптадан соң олардың соты болатынын айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Министрдің айтуынша, қазір Қордайда жағдай тұрақты, күндіз-түні ұлттық ұлан сарбаздары тәртіпті қадағалауда. "Бүгінгі таңда ешқандай қылмыс тіркелген жоқ. Полиция қызметкеріне қол көтерген үшеу табылып, қамауға алынғанын да айта кетейін. Ақсақалды да ұрып-соққан күдікті ұсталды, оны екінші күні тауып, ұстады, медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң, яғни екі-ұш аптадан соң бұлардың барлығының ісі сотқа жіберіледі, - деді ол. Алдында ақсақал Төлеген Құдашбаев Алматыдағы ауруханаға жеткізілгені хабарланған, ол арада жағдайының жақсаруына байланысты 18 ақпанда босап шықты. Қазір ол үйінде жергілікті дәрігердің бақылауына алынған.