Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
© Сурет ғаламтордан
367
оқылды
Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі. Полиция хабарлағандай, осы жылдың 20 ақпанында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Күнту Шерхан ата-анасына тапсырылды. "Абырой болғанда баланың жағдайы жақсы, ол аман-есен, түнде ата-анасына берілді. Бала қаланың төменгі бөлігінен табылды. Алматы полициясы департаменті басшылығы мен жұртшылық атынан волонтерлерге іздестіру іс-шараларына көмек көрсеткені және үйлесімді командалық жұмыстары үшін ерекше алғыс білдіреміз. Айта кетейік, Күнту Шерхан іздестіруге 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен педагогтар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына екеніне сендік.  Өз бетімен үйден кетудің себептері анықталатын болады", - деді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Лейла Әліпбаева. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.