Астанада 8 жастағы баланы көлік қаққан көшеге жарық берілетін болды

Астанада 8 жастағы баланы көлік қаққан көшеге жарық берілетін болды

Астанада кеше 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Осыдан кейін сол маңайда тұратын тұрғындар жолды жауып, арыз-шағымын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ІІМ-нің мәліметінше, кеше сағат 17.50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 8 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Баланы қаққаннан кейін жақын маңдағы тұрғындар жолды жауып тастады. Тұрғындар айтқан мәселе шешілетін болды. Астана әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, көшеге жуырда жарық шамдары орнатылады. Осыған дейін жарық уақытша схема бойынша берілген. Өйткені көшеге жарық шамын орнату жұмысы толық аяқталмаған. Жауапты мамандар проблеманы шешіп, таяуда толық жарық береді.