Тоқаев Ташкенттегі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев Ташкенттегі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевты Ташкент халықаралық әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.   Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.   Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды. Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.   Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясына ағаш екті.