Нұрлан Құрмалаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев жаңа қызметке тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары –  Astana Innovations АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі. 2018-2019 жылдары – «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері. 2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2021 жылғы шілде айынан бастап қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.