Максим Споткай жаңа қызметке тағайындалды

Максим Споткай жаңа қызметке тағайындалды

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. Максим Александрович Споткай  1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер. «Nur Otan» (қазіргі «AMANAT») ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы,  ZamandaS Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы болған. Сондай-ақ «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының міндетін атқарушы, «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-ның директоры, Қазақстан   Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.