Түркияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Түркияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Димаш Құдайбергеннің Stranger турнесі жалғасады. Әнші көктемде Түркияда Жерорта теңізінің жағалауында жеке концертін өткізеді. Бұл туралы Aikyn.kz dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. «DimashAli» шығармашылық орталығының мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті биыл 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтеді. Концертке билетті бүгін сағат 12.00-ден бастап https://www.dimashali.com сайтынан алуға болады.