Президент Сот әкімшілігінің басшысын тағайындады

Президент Сот әкімшілігінің басшысын тағайындады

Президент өкімімен Наиль Ахметзакиров қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Наиль Ахметзакиров 1983 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зырян (қазіргі Алтай) қаласында дүниеге келген. Бұған дейін ол Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы сот аппараты) басшысы қызметін атқарған.