Дәрігерлер бірнеше инені жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды

Дәрігерлер бірнеше инені жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды

Таразда дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар балаға операция жасады. Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, баланы ауруханаға анасы алып келген. Баланың денсаулығын тексергенде баланың ішінен ине табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсеткен. Кейіннен екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екенін анықтаған. Дәрігерлер бір инені алды. Екінші ине өз бетімен шыққан.  

«Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғары сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине табылды. Қайталап ЭФГДС жасалып, ине алынды», – дейді жоғары санатты хирург Сейдахмет Чинибеков.
Tengrinews.kz-тің жазуынша, баланы қайта қарау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылды. Колоноскопия жасалып, соңғы инені сигма тәрізді ішектен алып, ұшымен ішектің шырышты қабығына бекітті. Қазір  бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.