Шымкентте жалдамалы үйі өртеніп, қыс ішінде далада қалған 6 балалы анаға қазақстандықтар 22 миллион теңгеге екіқабатты үй сыйлады
Шымкентте жалдамалы үйі өртеніп, қыс ішінде далада қалған 6 балалы анаға қазақстандықтар 22 миллион теңгеге екіқабатты үй сыйлады
Фото: otyrar.kz
Шымкентте қыс ішінде 6 баласымен далада қалған жалғызбасты анаға ақша жинап, екі қабатты үй сыйлады. Әйелдің бала-шағасымен жалдап отырған үйі өртеніп кеткен,  – деп хабарлады OTYRAR. Сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған. «Мен өте қуаныштымын. Бұл менің балаларымның бақыты. Өз баспанамызға қол жеткіздік. Маған көмектескен қарапайым халыққа, барша жанға алғыс айтамын. Осы үйдің қасынан өтіп бара жатып, менікі болса ғой деп армандағанмын. Енді менің арманым орындалды. Балалар үйге қоныстанып, бөлмелерді бөліп алды. Өртеніп кеткен жалдамалы үйді «Елге кызмет» қоры толық қалпына келтірді. Оларға үлкен рақмет», – дейді көпбалалы ана Назира Дүйсебаева. Тұрғын үй алабындағы жаңа үйді отбасы 19,5 миллион теңгеге сатып алды. «Жиналған ақшаға тұрмыстық техника, кілемдер, киім-кешек сатып алынды. Жиналған қаражат қарапайым халықтың ақшасы, көмегі», – дейді кәсіпкер.