Таразда тойға келгендер жаппай астан уланып қалды

Таразда тойға келгендер жаппай астан уланып қалды

Таразда мейрамханаға келгендер астан уланып қалған, – деп хабарлады AstanaTV. Телеарналардың жазуынша, астан уланғандардың жетеуі ауруханада жатыр. Науқастардың айтуынша, той өткен соң ертеңіне өзін нашар сезінген. Алғашында іштері ауырып, жүрегі айныған, кейін ыстығы көтеріле бастапты. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.

«Мына жерде жатқан балалар бөліміндегі бала тойға барған жоқ. Ол жаңағы тойдан апарған сарқыт самсаның жартысын ғана жеген. Бір инфекция түскен бе деймін тамаққа, тек ет жеген адамдардың өзі мысалы, сарқытқа алып барған ет жегендер де ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой», – дейді емделушілердің бірі Мұхтар Шаханов.
Алдын ала мәлімет бойынша дәрігерлер тойханада тағам дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжап жасап отыр. Анық-қанығы сараптамадан соң, белгілі болады. «Қалтырап, дірілдеп ауыр жағдайда түсті, әрине. Қазір жағдайлары орташа дәреже деп бағалануда. Түрлі-түрлі мысалдар айтып жатыр. Сондықтан біз бір тұжырымға келе алмаймыз», – дейді дәрігер Талғат Шымырбаев.