Коронавирустың таралу қаупінің артуынан қазақстандықтар бағыттарын қауіпсіз елдерге ауыстыруға тиіс немесе өз еліміздің туристік орындарын таңдауға тура келеді, - деп хабарлайды Atameken Business.
Былтыр әлемдік туризмнің қарқыны салыстырмалы түрде алсақ төмендеген еді. Өткен жылы туристердің дені Түркияда демалыпты. Нәтижесінде аталған мемлекет өз тарихында рекорд орнатып, 52 млн турист қабылдаған.
Десе де әлемдегі ең танымал туристік ел – Франция болып қалды. Ол жерге 90 млн (+11%) адам барған. Екінші орында – Испания 83,8 млн (+4%), үшінші – АҚШ, бұл ел 78,7 млн (+6%) туристі қабылдаған. Қытай мен Италия үздік бестікте – 60 млн турист барған.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=rHBiSVRd1yY&feature=emb_logo