Жыл сайын қан құюға мұқтаж қазақстандықтардың саны 80 мың адамға жетті

Жыл сайын қан құюға мұқтаж қазақстандықтардың саны 80 мың адамға жетті

1 наурыз күні «Байтақ» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер пен мәслихат депутаттығына кандидаттар Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігерлерімен кездесті. Кездесу аясында партияның құндылықтары таныстырылып, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған жоба талқыланды. Елімізде жыл сайын 37 мың адам онкологиялық ауруға шалдығады, оның 13 мыңы жаман аурудан көз жұмады. Бұл дерттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы медициналық тексерістерден өту қажеттігін дәрігерлер атап айтады. Ал салауатты өмір салты таза ауамен дем алып, таза су ішуге келгенде тіреледі.

«Қоршаған орта денсаулыққа тікелей әсер етеді. Ал адамға қаншалықты денсаулық керек екенін медицина саласының қызметкерлерінен артық ешкім білмейді. Сондықтан да біз ақ халаттылармен тікелей байланыста боламыз. Олар адамдарды емдесе, біз олардың қайтадан ауруға шалдықпауын қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес, бірақ шешуді талап ететін басты мәселелердің бірі» - деді Азаматхан Әміртай «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы.
«Донор болу – сауапты іс». Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін орталыққа донорлар келіп, қан тапсырады. Осымен 7 жылдың көлемінде мәслихат депутаттығына үміткер Еділ Абдраимов ерікті донор ретінде қан тапсырып келеді. Бұл мекемеде оны бәрі таниды.
«Бұл менің адам денсаулығы үшін қолымнан келетін ісім. «Байтақ» партиясы үшін дауыс беруге шақырамын! Жасылдар партиясымен біз әділетті, жарқын болашақ құрамыз!» - деді Еділ Абдраимов «Байтақ» жасылдар партиясының мәслихат депутаттығына үміткер
Кездесуде «Байтақ» партиясының мүшелері трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымына сайлауалды жарысқа қатысушылар неліктен «Байтақ» партиясының мүшелеріне дауыс берулері керек екенін толығырақ айтып берді.