«Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорған қаласындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті

«Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорған қаласындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті

«Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорған қаласындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті Бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер Айнұр Сәбитовамен кездесуде сайлаушылар «Байтақ» жасылдар партиясының тың бастамаларына қолдау білдірді.

«Сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері өте нәтижелі және жылы шырайда өтті. Кітапхана жүйесінің қызметкерлері бізді толғандыратын сұрақтар қойды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар шетін мәселелерді биік мінберде көтеруді сұрады. «Байтақ» жасылдар партиясы еліміздегі адами капиталды және кітапханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауда үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты біз кітапхана қоры бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, түйіні тарқамаған түйткілдерді жоғары деңгейде қозғайтын боламыз. Қорыта келе, қызметкерлердің көпшілігі жасылдар партиясының сайлаудағы айқын бағыт-бағдарына, алдағы ұстанымы мен іс жоспарына қолдау білдірді», - деді А. Сәбитова.
Талдықорғандықтардың айтуынша, елдің тұрақты дамуы мен адами капиталды дамыту тақырыбы көптің көңіліне қонды.