ШҚО-да балалар тасымалдаған автобус жүк көлігімен соқтығысты

ШҚО-да балалар тасымалдаған автобус жүк көлігімен соқтығысты

Шығыс Қазақстан облысында балаларды тасымалдап келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Автобус балаларды Өскеменнен Шемонаиха ауданына спорт жарысына апара жатқан.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып, автобуспен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан 8 бала зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді, диагноз анықталады. "Қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендердің саны анықталады", - дейді Полиция департаментінің өкілдері.