Шымкентте сабаққа кешігіп келген оқушыны ұрған мұғалімнің видеосы жарияланды

Шымкентте сабаққа кешігіп келген оқушыны ұрған мұғалімнің видеосы жарияланды

Шымкентте мұғалім оқушының бетінен ұрған. Оқиғаның видеосы жарияланды, – деп хабарлайды AstanaTV. Оқушылардың бірі түсірген видео кадрларынан мұғалімнің балаларға ұрысып жатқанын байқауға болады. Оларға жауапсыз екенін айтады. Осы кезде сыныпқа тағы екі оқушы кіреді. Біреуін педагог қабырғаға итеріп жібереді де, екіншісі қол жұмсайды. Оқиға Шымкенттегі №83 мектепте болған. Білім беру мекемесінде осы оқиғадан кейін дау шықты. Ата-аналар жиналыста мұғалімге қатысты шара қабылдауды талап еткен. География пәнінің мұғалімі Батыр Күшбаев өз кінәсін мойындап та отыр. Сол күні ашуға берілгенін, өкінетінін айтқан. Ол балалардың жиі алдайтынын, сабаққа кешігетінін және түрлі сылтау айтатынына ашуланған.

«Сабақ басталды. Бірде-бір бала болмады. Бұл балаларды мен үзілісте көргенмін. Олар «әжетханада болдық» деді. Бірақ олар әжетханадан шыққан. Сабаққа келсем, сыныпта ешкім болмады. 15 минуттан кейін бірақ келді. «Қайда болдыңдар?» деген сұрағыма «Әжетханада» деді. Бұл өтірікке менде дұрыс реакция болмады», – дейді мұғалім.
Мұғалім балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған. Қатаң сөгіс алды.   https://youtu.be/5jMdivB30HM