16 наурызда «Байтақ» партиясының мүшелері қазақстандық жас жазушы Жәмила Бақтиярқызымен кездесті. Қарымды қаламгер көпшілікке өзінің «Бәйшешек» атты кітабы туралы баяндап берді.
Шынайы шығармасының сюжеті өзінің өмірлік тарихына негізделген. Жас та болса, ерік-жігері мол, рухы асқақ Жәмила 10 жыл бойы аса қатерлі аурумен күрескен. Әлемнің жетекші клиникаларында қараған мамандар оған ұзақ уақыт бойы диагноз қоя алмады. Кейінірек Қазақстанда бұл миастения грависі екендігі анықталды. Өлімге әкелуі мүмкін сирек кездесетін аутоиммунды ауру. Бірақ Жәмила құлан-таза айығып кетуден бір күн де үміт үзген жоқ. Нәтижесінде ол қорқынышты ауруды жеңе алды. Күрестің барлық жылдарында қыз күнделік жазумен болды. Онда ол өзінің өмірлік тәжірибесі мен ізгі ойларымен бөлісті. Кейінірек бұл естелік жазбалар оның «Бәйшешек» атты кітабының негізі болды.