Татуаж жасатқан соң, көзі көрмей ауруханаға түсті

Татуаж жасатқан соң, көзі көрмей ауруханаға түсті

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны қабағына татуаж жасатқаннан кейін ауруханаға түсті, – деп хабарлайды  «Евразия» бірінші арнасы Гүлшат Қаныбекова процедурадан кейін бірден өзін нашар сезіне бастаған. Кейін сұлулық салонының қызметкері клиентке ауырсынуды басатын дәрі беріп, оларды бірнеше күн қолдануға кеңес берген. Бірақ ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер одан сайын ушықтырып жіберген. Татуаж жасатқан әйел Шымкенттегі ауруханадан бір-ақ шықты. Алайда дәрігерлер оған көмектесе алмады. Сол себепті, Алматыға барған. «Шымкент ауруханасына барған кезімде, көзім 100 пайызға көрмеген. Салон иесі келді де 70 мың теңге беріп, қолхат жазғызып алды. Оларға көзім 70-80 пайызға көргенше маған көмектессін дедім. Олар жауап қайтарды. Кеше салон иесі қайта келіп дауыс көтерді. 100 мың теңге алып келемін, тезірек қолхат жазып, бізден басқа ештеңе сұрама деп бұйырды», – дейді зардап шегуші Гүлшат Қаныбекова. Ол қазір әйелдің денсаулығы дәрігерлердің қадағалауында. Зардап шеккен әйел сұлулық салонының үстінен арыз жазып, кінәлілерді жазаға тартпақ.