Есірткі сататын 24 сайт жойылды

Есірткі сататын 24 сайт жойылды

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткі заттарын сату жарнамасын орналастырған 24 сайт анықталып, жабылған. Маңғыстау облыстық Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша тиісті орын тарапынан интернет-кеңістікте  тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг кезінде есірткі құралдары мен есірткі түрлерін жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 сайт анықталып, олардың барлығы бұғатталған. Мұндай сайттарды құру ­– есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, ол бойынша айыппұл 150-ден 700 АЕК-ке дейін, яғни 378 750-ден 1 767 500 теңгені құрайды. Есірткіні таратумен айналысатын адамдарды 291 бап бойынша есірткіні таратумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады. Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен қаланың қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар табылып жойылған. Қарапайым тұрғындар бұл есірткі жарнамасы екенін байқамайды. Есірткі тұтынушылар бұл істен хабардар болғандықтан, олар әр түрлі мессенджерлер арқылы есірткі сатып алуға тырысады. Анаргүл Жексембайқызы,  Маңғыстау облысы