«Батырлар» экранға жол тартпақ
«Батырлар» экранға жол тартпақ
668
оқылды
Қазақ батырларының өмірі мен майдандағы ерлігі баяндалатын отандық «Батырлар» тарихи картинасы 12 наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Қазақстан тарихындағы қа­­һар­ман-батырлар мен баһа­дүр­­лер туралы аталған туын­ды­ға Қарасай батырдың, сондай-ақ досы Ағынтай мен Тай­мас батырлардың өмірі мен ер­лігі арқау болды. – Қазақ киносында қазіргі заманның батыры жоқ. Мәсе­лен, Қарасай батыр өз елі мен от­ба­сы үшін күрескен нағыз аза­мат. Оның балалары соғыста қай­тыс болған. Өзі 19 жекпе-жекке қатысып, бі­реуінен де жеңі­ліс көрмеген. Ол қазақ хал­қының бірлігін аңсаған. Кино­фильмді көр­ген жастар өз ата-баба­ла­­рының қазіргі кездегі еліміз­дің жағ­­дайы үшін қалай күрес­ке­нін көре алады, – дейді кино­картинаның режиссері Асқар Ұзабаев. Еңбек жолында алғаш рет тарихи жанрда толықметражды «Батырлар» кинокартинасын таспалаған режиссер: «Ол за­ман­дағы қазақ батырларының бәріне тән тек бір ғана ор­тақ мүдде, ортақ қасиет бар. Ол – Отанына, халқына де­ген ше­ксіз сүйіспеншілік. Бұл ки­но­­фильм «кескеліскен шай­­қастарға толы», себебі сол кез­­дің адамдары аз сөйлеп, дау-да­­­майдың барлығы білектің күші­мен шешілген» деп сөзін аяқ­­­тады. Кинофильмде көрермен орта ғасырдағы соғыс пен қан­тө­гіске толы заманға саяхат жа­сай­ды. Осындай қиын-қыс­тау за­манда дүниеге келген бозба­ла­ны тағдыры батыр болуға итермелейді. Ер мінезді Қарасайды әкесі Алтынай қайсарлық пен ба­тыл­дыққа баулып өсіреді. Қа­­ра­пайым бозбала қолбасшы ата­­ғына қалай жетті? Ол қан­дай шай­қас­­­тарда жеңіске қол жет­кізді? Қазақтың кең дала­сын сақтап қалу үшін қан­дай қадамдарға барды? Осы сұ­­­рақ­тардың жауабын «Батыр­лар» ки­нотуындысынан көре ала­­сыздар. Фильмде басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Назар Шер­хан, Мұрат Бисенбин, Самал Есля­мова және т.б. актерлер сомдайды. «Батырлар» кинофильмін 12 наурыздан бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар. Ел есіндегі ер есім­дерінің «Батыр – жауда, жуас – жайда сыналатын» сын сағат­та­рын бірге тамашалайық. Та­рих­тағы тұлғаларды бірге ұлық­та­йық.   Ж.НҰРЛАН