Димаш Құдайберген Freedom mobile ұйымдастырған кеште жанкүйерлерімен фотоға түсті

Димаш Құдайберген Freedom mobile ұйымдастырған кеште жанкүйерлерімен фотоға түсті

Бұл Наурыз Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері үшін ерекше мейрам болды. Freedom mobile дүкендер желісінен OPPO reno8 T Series смартфондарының алғашқы сатып алушылары оны сахнадан жақынырақ көре алды. Ал Димашпен фотосессия олар үшін басты сыйлық болды. Сондай-ақ халықаралық этно-рок сахнасының жұлдыздары – Ulytau тобы мереке атмосферасын драйвқа бөледі. Іс-шараның хедлайнерлері қонақтарға арнап миллиондаған қазақстандықтардың сүйікті хиттерін орындады. Кеш бағдарламасында ұлттық тәттілері бар фуршет, компания смартфондарының мүмкіндіктерін көрсететін этно және хайтек стиліндегі керемет фотоаймақтар болды. Мысалы, қонақтар OPPO reno8 T микроскоп камерасының көмегімен ұлттық тәттілердің текстурасын 40х дейін үлкейтіп, ұн мен қанттың ең ұсақ түйіршіктерін смартфоннан көре алды. Айта кетейік Freedom Mobile компаниясы ОРРО смартфондарының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Іс-шараның екінші бөлімі Димаш Құдайбергенмен жаныңды жадыратар жылы тілдесумен жалғасын тапты. Ұйымдастырушылардың ресми аккаунтында орындаушыға арналған сұрақтар конкурсы алдын ала жарияланған болатын. Димаш өзінің жоспарында қандай концерттер бар екенін, өз смартфонында бейнені өзі өңдейтінін, күнтізбесін немен толтырғандығын жанкүйерлерімен бөлісті. Кеш соңында қонақтарды ғажайып ұсыныс күтіп тұрды. Димаш барлық жанкүйерлеріне фотоаймақта киіз үйдің интерьерінде суретке түсуді ұсынды.