Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 1991-1995 жылдары – коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен. 1996-1997 жылдары – Семей облыстық Экономика басқармасының бас маманы; 1997-1998 жылдары – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты; 1998-1999 жылдары  – Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы бастығының орынбасары; 1999-2002 жылдары– Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы; 2002-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары; 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; 2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; 2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2017-2019 жылдары  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы; 2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.