Сириядан 518 баланы қайтарды

11 наурызда Сирияда содыр болған қазақстан­дықтың 7 жасар қызы елге жеткізілді

2019 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитет террористік белсенділік аймақ­тарынан 518 кәмелетке толмаған баланы елге қайтарды.

11 наурызда Сирияда содыр болған қазақстан­дықтың 7 жасар қызы елге жеткізілді. Құзырлы орган қызметкерлері бүлдіршінді қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақытқа созылғанын хабарлады. Қазір бүлдіршін Астана қаласының балаларды қолдау орталығында бейімдеу және оңалту шараларынан өтіп жатыр. Ол жақында туыстарына берілмек.