Жаңаөзендегі жарылыс: жедел штаб құрылды

Жарылыстың себебін мамандар анықтап жатыр.

Таңертең Жаңаөзенде жарылыс болып, екі қабатты үйдің кіреберісі қирады. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында (Астана уақытымен – ред.) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда жарылыс болды. Екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. 

Апатқа байланысты Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

Жарылыстың себебін оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар анықтап жатыр.