Астанада айдап әкеткен көлігімен жол апатына түскен жүргізуші көз жұмды

Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.

Астанада айдап әкеткен көлігімен жол апатына ұшыраған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ІІМ.

«Астанада 18 сәуір күні Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды»,  деп жазды ведомстводан.

Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.