Мойнында 700 мың теңге айыппұлы бар 21 жастағы жүргізуші ұсталды

Оралда ұсталған азаматтың жүргізуші куәлігі де, көлігінің нөмірі де жоқ болып шықты.

"Ер адам "Prizma stop" бағдарламасының көмегімен құрықталды. Жол ережесін бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы шамамен 700 мың теңгені құрады", – деп жазды ІІМ-нен.

Lada Kalina автомашинасының жүргізушісі жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзған құқық бұзушылықтар БҚО ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарына ілікті. 

Полицейлер ұстау әрекеті кезінде көлік жүргізген жігіт жасырынуға тырысып, тіпті ұсталған кезінде қарсылық көрсеткен. Белгілі болғандай, жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. 

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі және ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.