24 сәуірде полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер екі адамның өзара жанжалдасқанын анықтады. Жəбірленуші алған ауыр дене жарақатынан ауруханада қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел іздестіру нəтижесінде, күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.