eGov-та жылжымайтын мүліктер бойынша қызметтер уақытша тоқтатылады

КЕАҚ Бірыңғай жылжымайтын мүлік мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшу жөніндегі техникалық жұмыстарына байланысты биылғы 5-9 мамыр күндері eGov.kz және eGov Mobile порталдарында жылжымайтын мүлік қызметтері көрсетілмейді.

5-9 мамыр күндері «Электронды үкімет» порталы мен eGov Mobile қосымшасында жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер көрсетілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Бірыңғай жылжымайтын мүлік мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшу жөніндегі техникалық жұмыстарына байланысты биылғы 5-9 мамыр күндері eGov.kz және eGov Mobile порталдарында жылжымайтын мүлік қызметтері көрсетілмейді», – делінген egov.kz сайтында.

Бұл аралықта нотариустан тұрғын үй сатып алу-сату шартын және жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да мәмілелерді рәсімдеу, тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу, пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде кепілді рәсімдеу, сондай-ақ кепілді тоқтату, заңды талаптар мен бұғаттау, пәтерде тіркелу, жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық тексеру, жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау қызметі уақытша тоқтатылады.⠀

Сонымен қатар аталған қызметтер биылғы 5-9 мамыр аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да қағаз түрінде қолжетімді болмайды.

«Аталған күндері нотариустар, салық, екінші деңгейлі банктер және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелерінде жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды қабылдау тоқтатылады», – деп жазылған хабарламада.