Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы лауазымына Ержан Жылқыбаев тағайындалды.
Ержан Жылқыбаев 1982 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, ал 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін бітірген.
Әр жылдары Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінде жұмыс істеді, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі, Семей қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Осы жылдың ақпан айынан бастап «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болды.