14 жастағы қазақстандық жасөспірім 45 жастағы ресейлікті зорлаған деп айыпталды – БАҚ

Жасөспірімнен жауап алынып, босатылды.

14 жастағы жасөспірім Санкт-Петербург тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Ол оқиға орнына екінші рет келгенде ұсталған, – деп хабарлайды fontanka.ru.

Басылымның мәліметінше, ол 45 жастағы әйелдің үйіне бес күннен кейін оралған. Ал полицияға Ярославль даңғылының тұрғынынан қоңырау түскен. Ол бөтен адам пәтеріне кіріп жатқанын хабарлаған. Сол жерде жасақ Қазақстанның 14 жастағы азаматын ұстаған.

45 жастағы арызданушы 20 сәуірде дәл осы жасөспірім оны өз пәтерінде зорлағанын жеткізген.

Зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта жасөспірімнен жауап алынып, босатылған.