Атырауда өткен концертте 172 бала жоғалды

Барлық бала табылып, аман-есен ата-анасына табысталды.

Атырауда өткен эстрада жұлдыздарының гала-концертінде 16 мың тұрғын жиналған. Кеш барысында 172 бала жоғалған.

"Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның 125-і жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 баланың жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер", - делінген полицияның хабарламасында.

Барлық бала табылып, аман-есен ата-анасына табысталды.