Бір балаға бәрі жабылды - желіде тараған төбелестің мән-жайы анықталды

Әлеуметтік желіде жарияланған жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ
аумағында болғаны анықталды. Ол арадағылардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді.

"Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлімінде "Бұзақылық" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу облыстық  Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.