Ақтөбедегі SMART-CENTRE қасбетінде Сағи Жиенбаевқа арналған арт-объект пайда болады

Ақын, аудармашы, көптеген ән мәтіндерінің, либреттолардың, «Еңлік – Кебек», «Махамбет» операларының авторы Сағи Жиенбаевтың шығармашылығына құрмет көрсетілетін болады.

Лириктің портреті кітапхана ғимаратының қабырғасында бейнеленеді. Муралды ақтөбеліктерге дарынды әнші және музыкант Димаш Құдайбергеннің портретін сыйға тартқан суретшілер бейнелейді.

Көше ансамблін граффити стиліндегі АРТ-нысаны бар креативті перфорацияланған қасбет, сондай-ақ ашық аспан астындағы кинотеатр толықтырады. Көше аймағы жазғы уақытта жастарды тартудың қосымша нүктесі және контент түсіру үшін таптырмас орын болады.

Естеріңізге сала кетейік, С. Жиенбаев атындағы  кітапхана –  нысан құрылымының тұтастығын бұзбай ревитализациялауға жатады. Мұнда цифрлық кітапхана мен дербес қызмет көрсету жүйесі енгізіледі. Жоба аясында бес мың жаңа кітап сатып алу көзделген. Оқу залдарынан бөлек келесі тақырыптық аймақтар құрылады: блог немесе басқа да видео түсіруге арналған студия,  дыбыстауға арналған студия, NFT зертханасы, коворкингтер, камині бар музыкалық қонақ бөлмесі, қалалық қауымдастықтарға арналған кеңістік, мультифункционалды іс-шаралар кеңістігі, тақырыптық кітап залдары, көше оқу аймағы мен тағы басқалары.

Жобаны Ақтөбе облысының әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен, Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығымен бірлесе жүзеге асыруда.